8 наурыз әйелдер күні: Қытайдың үлкен ұшағын жобалайтын жанның арманы

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 7 наурыз
8 наурыз әйелдер күні: Қытайдың үлкен ұшағын жобалайтын жанның арманы

7 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Чжао Чуньлин - COMAC C929 компаниясының кең де үлкен жолаушылар ұшағы бас конструкторы және еліміздің авиация саласындағы ірі ұлттық ұшақ үлгісінің бірінші бас әйел конструкторы.

Чжао Чуньлин жобалауға, әзірлеуге және ұшу сынағына қатысқан отандық қысқа аралықта ұшатын C909 және отандық ірі C919 ұшақтары нарыққа шығарылып, ауқымды операциялар орындауына қол жеткізді.

2023 жылы Чжао Чуньлин C929 компаниясының бас дизайнері болып тағайындалды. Еліміз дербес әзірлеген C929 кең жолаушылар ұшағы елдің авиация саласындағы тәуелсіз инновацияларға деген үлкен үмітін орындап келеді.

«Жұмыс орындарым өзгерді, атқаратын жұмыстарым да түрленіп келеді. Кездесетін қиындықтар мен сынақтар да алуан түрлі. Алайда менің көк аспанға шарықтасам деген арманым мен ештеңеден қорықпайтын батылдығым өзгерген емес», -дейді Чжао Чуньлин.

Бүгінде Чжао Чуньлин авиация саласында әр кезеңдегі әйел мамандардың осы салаға қадам басуын шабыттандыратын дизайнерлер өкіліне айналды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото