Ішкі Моңғұлдың Залут өңірінде тайларға тамға басты (2)

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 27 наурыз
Ішкі Моңғұлдың Залут өңірінде тайларға тамға басты

27 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Ішкі Моңғұл автономиялық регионы Тонляо қаласы Залут өңірінде тайға тамға басу рәсімі өтті. Бұл іс-шара көптеген шабандоздарды қызықтырды. Тайға тамға басу -моңғол халқының ежелден келе жатқан дәстүрі. Әр көктемде малшылар 2 жасар тайлардың «ержету рәсімін» өткізеді. Бұл күні тайларға таңба басылып, жал-құйрығы күзеліп, үйірге қоя беріледі. Бұл оның құлын күнімен қош айтып, есейгенін білдіреді. Таңба әдетте жылқының жамбасына немесе алдыңғы аяғына басылады. Таңба олардың азаматтық куәлігі ғана емес, сонымен қатар тайдың сапасын да мойындау. Мөр басылғаннан кейін, көпшілік сол таңбадан жылқының кімнің малы екенін ажыратып отырған.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото