Сағатына 350 км жылдамдықпен жүретін әлемдегі алғашқы бір шұңқырлы, қос жолақты теңіз астындағы жоғары жылдамдықты теміржол туннелі іске қосылды (4)

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 27 наурыз
Сағатына 350 км жылдамдықпен жүретін әлемдегі алғашқы бір шұңқырлы, қос жолақты теңіз астындағы жоғары жылдамдықты теміржол туннелі іске қосылды

27 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- 26 наурыз күні еліміз жасаған жылдамдығы сағатына 350 шақырымды құрайтын әлемдегі алғашқы бір шұңқырлы, екі сызықты жоғары жылдамдықты теңіз асты теміржол туннелі - Шаньтоу-Шаньвэй жоғары жылдамдықты теміржолының Шаньтоу шығанағы су асты туннелі сәтті аяқталды. Туннельдің жалпы ұзындығы 9781 метр, ал ең терең бөлігі теңіз деңгейінен 98,5 метр төменде орналасқан.

Шаньтоу-Шаньвэй жоғары жылдамдықты теміржолы толықтай пайдалануға берілгеннен кейін, ол көптеген жоғары жылдамдықты теміржолдармен бірге Қытайдың оңтүстік-шығыс жағалауындағы жоғары жылдамдықты теміржол дәлізіне айналады. Жол Гуандун, Фуцзянь және Чжэцзян өлкелерінің 15 қаласын байланыстырады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото