- Барлық ақпарат
Қытай шетелге экспорттайтын ең үлкен диаметрлі қалқан машинасы 16 сәуірде зауыттан шықты (2)
17 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- 16 сәуірде Қытай дербес әзірлеген үлкен диаметрлі қалқан машинасы зауыттан шықты. Австралияның батысындағы айлақ жобасының құрылысына қолданылатын бұл жабдық еліміз шетелге экспорттаған қалқан машиналарының қазба диаметрі бойынша тағы да жаңа рекорд орнатады.
Қалқан машинасының қазба диаметрі 15,7 метрді құрайды. Бұл 5 қабаттан асатын биіктікке тең. Ал машинаның жалпы ұзындығы шамамен 113 метр. Қазіргі уақытта бұл Қытайдың шетелге экспорттаған ең үлкен диаметрлі қалқан машинасы. Аталмыш көлік бірқатар интеллектуалды технологияларды біріктіреді. Олардың ішінде қалқан құралын ауыстыратын робот жоғары дәлдіктегі автоматты құралды ауыстыру жұмысын жүзеге асыра алады. Оның тиімділігі дәстүрлі қол еңбегіне қарағанда 5-8 есе жоғары.
Осы уақытқа дейін Қытай қалқан машинаның әр түрлерін бес құрлықтың 34 елі мен аймағына экспорттады.
people.cn © People's Daily Online