- Барлық ақпарат
15-інші Бейжің Халықаралық кинофестивалі ашылды (7)
21 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- 18 сәуірде 15-інші Бейжің Халықаралық кинофестивалінің ашылу салтанаты өтті.
Биылғы Бейжің Халықаралық кинофестивалінің құрметті қонақ елі Швейцария болды. Швейцарияның Қытайдағы Елшісі Jürg Burri ашылу салтанатына шақырылып, сөз сөйледі.
Ашылу салтанатында 15-інші Бейжің Халықаралық кинофестивалінің «Аспан храмы сыйлығының» қазылар алқасының құрамы таныстырылды. Қытайлық режиссер Цзян Вэнь қазылар алқасының төрағасы, қытайлық режиссер Чэнь Чон, британдық режиссер David Yates, қытайлық актер Ни Ни, финляндиялық режиссер Teemu Nikki, швейцариялық режиссер Vincent Perez, сянгандық көркемдік жетекші Е Цзиньтян сияқты өнер адамдары қазылар алқасының құрамында болды.
Биылғы «Аспан храмы» сыйлығының қысқа тізіміне енген барлығы 15 фильм 103 ел мен аймақтың 1 794 фильмінің ішінен сараланды, бұл өткен жылғы 1 509 фильммен салыстырғанда 18,9%-ға көп.
people.cn © People's Daily Online