Қытайдың YTO компаниясы әр үш минут сайын бір трактор құрастырады (7)

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 27 сәуір

27 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- Қытайдың Хэнань өлкесінің Лоян қаласында орналасқан YTO компаниясы 1959 жылы құрылып, пайдалануға берілген. Ол негізінен ауылшаруашылық техникаларын, құрылыс техникаларын, энергетикалық машиналарды және басқа да ауқымды жабдықтарды шығарады. Олардың ішінде «Dongfanghong» сериялы тракторлар - 25-тен 400 ат күшіне дейінгі толық диапазонды қамтитын таңғажайып өнімдер.

Компанияда әр 3 минут сайын трактор өндірістік желіден шығарылып отырады, оның өнімдері Африка, Оңтүстік-Шығыс Азия, Орталық және Шығыс Еуропа, Орталық Азия және Латын Америкасына сатылады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото