Аймақтық климат саммиті 2026 жылы Қазақстанда өтеді

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 26 мамыр

ҚР Мемлекет басшысы Жасыл климат қорының атқарушы директоры Мафальда Дуартені қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today ақпараттық агентті.

Кездесуде Қазақстан мен Жасыл климат қорының ынтымақтастығын нығайту перспективасы талқыланды.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан қоршаған ортаны қорғауға, соның ішінде орман қорын сақтау мен көбейтуге, табиғи ресурстарды оңтайлы пайдалануға ерекше көңіл бөлетінін атап өтті.

Ақпаратқа сәйкес, Қазақстан келесі жылы Аймақтық климат саммитін өткізуді жоспарлап отыр. Бұл іс-шараның негізгі мақсаты - өзекті мәселелердің шешімін бірлесіп іздеу, табиғат өзгерістеріне бейімделу, азық-түлік пен су қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото