Шыңжаң өз нарығына Орталық Азия өнімдерінің қолжетімділігін кеңейтпек

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 26 мамыр

26 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Үрімжі кедені жариялаған 18 шарада құжатта көрсетілгендей, Солтүстік-Батыс Қытайдағы Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық регионы өз нарығына Орталық Азия елдерінен келетін жоғары сапалы тауарлар қолжетімділігін кеңейтеді.

Жаңа шараларға сәйкес, кеден органдары сондай-ақ ҚХР Бас кеден басқармасы әкелуге рұқсат берген ауыл шаруашылығы өнімдерінің тізіміне Орталық Азия елдерінің жоғары сапалы ауыл шаруашылығы өнімдерін көбірек енгізуді жеделдететін болады. Сондай-ақ Орталық Азиядан және көршілес елдерден жоғары сапалы азық-түлік тауарларын әкелу көздерін әртараптандыруға, олардың ассортиментін кеңейтуге жәрдемдесуге күш салынады.

Одан бөлек, Үрімжі кедені Орталық Азия елдерімен инспекциялық және карантиндік қауіпсіздік саласындағы техникалық ынтымақтастық пен алмасуды нығайтады, осылайша жоғары сапалы даму мен жоғары деңгейдегі ашықтықты ілгерілетуге күшті қолдау көрсетеді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото