- Барлық ақпарат
Орталық Азия мен Қытайдың кеден қызметтері басшыларының екінші кездесуі Алматыда өтті
2025 жылғы 22 мамырда Алматы қаласында Қытай, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстанның кеден қызметтері басшыларының "Орталық Азия - Қытай" форматындағы екінші кездесуі өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Жандос Дүйсембаев төрағалық етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today ақпараттық агенттігі.
Қатысушылар кеден рәсімдерін цифрландыру, өткізу пункттерін басқару, кадрлар даярлау және тәжірибе алмасу сияқты негізгі ынтымақтастық бағыттарын талқылады. Ерекше назар шекара маңындағы саудада "Ақылды" кеден және "Бірыңғай терезе" механизмін енгізу сияқты бірлескен жобаларды іске асыруға аударылды.
Кездесу аясында инвазивті емес тексеру, интеллектуалды бейне тану және кедендік тәуекелдерді басқару саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды. Тараптар сондай-ақ үшінші кездесуді 2027 жылы Қырғыз Республикасында өткізуге келісті.
Кездесу соңында қатысушылар өңірлік ынтымақтастықты нығайтуға және орнықты, қауіпсіз әрі инновациялық кедендік орта құруға бейілділігін растады.
people.cn © People's Daily Online