2025 Қытай-Орталық Азия медиа ынтымақтастығы форумы өтті

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 29 мамыр

29 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- Өз тілшіміз Астанадан хабарлайды, 2025 жылдың 29 мамырында Қазақстанның Астана қаласында «Жібек Жолы бір ниетте, БАҚ бір сапарда: Тағдыры ортақ Қытай—Орталық Азия қоғамдастығын құру» тақырыбында Қытай—Орталық Азия медиа ынтымақтастығы форумы өтті. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев форумға құттықтау хатын жолдады. Құттықтау хатын ҚР Президентінің ішкі саясат мәселелері және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі Арман Қырықбаев оқыды. Ашылу салтанатына Қытай Коммунистік Партиясы Орталық Комитетінің Үгіт-насихат бөлімінің күнделікті жұмысына жауапты министрдің орынбасары Ху Хэпин, Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешенінің директоры Раушан Қажыбаева, «Халық Газеті» бас редакторының орынбасары Фан Цзяншань, ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің орынбасары Евгений Кочетов қатысып, сөз сөйледі.

ҚР Президенті өзінің құттықтау хатында ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин ұсынған «Бір белдеу, бір жол» бастамасының ерекше маңызы бар екенін және оны халықаралық қауымдастық жаһандық ынтымақтастық алаңы ретінде кеңінен мойындағанын атап өтті. «Қазақстан Республикасы Қытай Халық Республикасымен тұрақты және жан-жақты стратегиялық серіктестікті дамытуға үлкен мән береді. 2025 жылғы Қытай-Орталық Азия медиа ынтымақтастығы форумы БАҚ саласындағы өзара түсіністікті, өзара сенім мен серіктестікті нығайтудың маңызды алаңы. Форум жұмысына жемісті нәтиже және барлық елдер мен халықтың игілігі үшін сындарлы жұмыстар атқаруын тілеймін», - делінген хатта.

Қатысушылар БАҚ алмасулары Қытай мен Орталық Азия арасындағы қарым-қатынастың маңызды бөлігі деп есептейді. Қытай мен Орталық Азия елдерінің бұқаралық ақпарат құралдары заманның жалпы тенденциясын түсініп, ынтымақтастық идеяларын кеңейтіп, ынтымақтастық туралы жақсы ақпараттармен бөлісіп, тағдыры ортақ Қытай—Орталық Азия қауымдастығын жақындата түсуге парасат пен күш-қуат беруі керек.

Форумды «Халық Газеті», Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешенімен бірлесіп ұйымдастырды. Кездесуге Қытай мен Орталық Азия елдерінен 200-ден астам негізгі БАҚ өкілдері, сарапшылар, ғалымдар мен бизнес өкілдері қатысты. Форум барысында сондай—ақ «2025 Қытай—Орталық Азия медиа ынтымақтастығы форумының фотокөрмесі» және «Қытай-Орталық Азия медиаларының «Бір белдеу, бір жолды» жоғары сапалы құру бойынша бірлескен сұхбатының» ашылу салтанаты өтті.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото