«Жібек Жолы жырлайды» атты Онлайн «Халық Газетінің» музыкалық туындысы жарияланды

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 29 мамыр

29 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- 2025 жылдың 29 мамырында Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені мен ҚХР «Халық Газеті» ұйымдастырған 2025 жылғы Қытай—Орталық Азия медиа ынтымақтастығы форумы өтті. Форумда «Жібек Жолы жырлайды» атты Онлайн «Халық Газетінің» музыкалық туындысы жарияланды.

Сылдырлаған керуен қоңырауының үні мыңдаған жылдардан аттап, бүгінге жетті. Ғылыми-техникалық инновацияларға сүйене отырып, «Жібек Жолы жырлайды» әнінің бейнебаянында Онлайн «Халық Газетінің» цифрлық тұлғасы «Бай Цзе» және Онлайн «Халық Газетінің» тілшісі мен шетелдік сарапшылары тамылжытып әнге салу арқылы «Бір белдеу, бір жол» бастамасы аясындағы әлемнің түкпір-түкпіріндегі халықтар арасындағы достықты жырлайды.

Қазақстан - ежелгі Жібек жолының маңызды түйіні, «Бір белдеу, бір жол» бастамасы ортаға қойылған орын. Соңғы 12 жылда «Бір белдеу, бір жол» бастамасының құрылысы жемісті нәтижелерге қол жеткізді. Онлайн «Халық Газеті» осы музыканы дәнекер етіп, Орталық Азияның көптеген елдерінің бұқаралық ақпарат құралдарымен бірлесе отырып, халықтар жүрегін тоғыстыратын «Цифрлық Жібек жолын» салу құрылысына жаңа күш қосу үшін жұмыс істейді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото