Астанада «Си Цзиньпин ел басқару жөнінде» атты кітаптың 1-4 томдарының қазақша нұсқасының тұсаукесері өтті

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 31 мамыр

31 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- «Си Цзиньпин ел басқару жөнінде» атты еңбектің  1-4 томдарының қазақша нұсқасының тұсаукесері 29 мамыр күні Қазақстанның елордасы Астана қаласында өтті.

Қатысушылардың пікірінше, «Си Цзиньпин ел басқару жөнінде» атты кітап - ҚХР Төрағасының маңызды еңбегі. Бұл Си Цзиньпиннің Қытай елін басқару және жаһандық басқару мәселелері бойынша терең толғаныстарының көрінісі. Еңбек халықаралық қауымдастықтың Қытайды түсінуі үшін «идеялық терезе» ашты. Кітаптың қазақ тіліндегі нұсқасын басып шығару және тарату - Қытай мен Қазақстанның баспа және аударма саласындағы ынтымақтастықтың соңғы маңызды жетістігі, сонымен қатар Қытай мен Қазақстан арасындағы елді басқаруда тәжірибе алмасу мен өзара үйренуінің жарқын дәлелі. Бұл екі ел халқының бір-бірін түсініп, етене бола түсуіне ықпал ететіні сөзсіз, қол ұстаса тағдыры ортақ Қытай-Қазақстан қауымдастығын құруға жаңа және күшті серпін беретіні анық.

Іс-шарада қытайлық және қазақстандық қонақтар «Си Цзиньпин ел басқару жөнінде» атты еңбектің 1-4 томдарының қазақша жаңа нұсқасының тұсауын кесті. Қытай тарапы Қазақстан тарапына жаңа кітапты ұсынды. Екі елдің сарапшылары мен ғалымдары Қытай мен Қазақстанның ел басқару саласындағы тәжірибесімен алмасып, талқылады.

Іс-шараға Қытай мен Қазақстанның саяси партиялары, бұқаралық ақпарат құралдары, сараптамалық орталықтары, университеттері сынды орындардан 300-ге жуық өкіл қатысты.

«Си Цзиньпин ел басқару жөнінде» атты кітаптың  1-4 томдарының қазақша нұсқасын Қытайдың «Ұлттар» баспасы мен Қазақстанның «Фолиант» баспасы бірге аударып, басып шығарды.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото