Қытай мен Қазақстан арасындағы экспресс-компаниялар ынтымақтастығы Қытай мен Орталық Азия арасындағы ақылды логистиканы дамытуға көмектесті

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 3 маусым

3 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- 31 мамырда Қытай-Орталық Азия БАҚ-тың жоғары сапалы «Бір белдеу, бір жолды» бірлесіп салу бірлескен сұхбат тобы Kazakhstan Post-Yuantong Express серктестік компаниясына барды.

Қытай мен Орталық Азияның бес елінен келген 20-ға жуық тілші компанияның логистикалық сұрыптау орталығы мен экспресс-станциясына барып, оның Орталық Азиядағы интеллектуалды логистикалық хаб және «Қытай-Орталық Азия-Еуропа» трансшекаралық логистикалық маңызды арнасын салу үшін мультимодальды көлік жүйесін құру тәжірибесімен танысты. Сондай-ақ бұл компанияның Қытай-Қазақстан трансшекаралық логистикасының тиімділігін арттыру үшін цифрлық жүйелер мен смарт құрылғыларды пайдалану жағдайынан хабардар болды. Хабарламаларға сәйкес, Kazakhstan Post-Yuantong Express серктестік компаниясы 2024 жылдың шілдесінде құрылған. Қазіргі уақытта бизнестің орташа тәуліктік көлемі 30 000 тапсырысқа жетеді, ал жедел жеткізу желісі Қазақстанның 3000-нан астам станциясын қамтиды.

Экспресс-станцияда жұмыс істейтін Гүлина есімді бойжеткен «Менің күнделікті жұмысым - Қытайдан келген сәлемдемелермен айналысу. Мен таңертең ерте штрих-кодтарды сканерлеуді бастаймын, алып кету кодтары бар мәтіндік хабарламалар жіберемін және сәлемдемелерді сөреге нөмеріне қарап отырып, орналастырамын. Кешке тұрғындар жұмыстан шыққаннан кейін сәлемдемелерін алып кету үшін кезекке тұрады. Сондықтан мен осы уақытта қатты қарбалас боламын. Мен клиенттерге ұялы телефондары арқылы-ақ логистиканы тексеруге көмектесемін», - деп өзінің күнделікті жұмысын таныстырды. Гүлина трансшекаралық саудаға байланысты жұмыс істеу арқылы өзінде кәсіптік табыс сезімі болатынын айтты. Қазір станция қауымдастық үшін «логистикалық орталыққа» айналып үлгерген.

«Қазақпарат» халықаралық ақпарат агенттігінің тілшісі Мұхтар Қалимолла Орталық Азия халқы күнделікті өмірінде Орталық Азия мен Қытай арасындағы логистикалық ынтымақтастықтың ыңғайлылығын шынымен сезінетінін айтты. Бірлескен сұхбаттар арқылы олар «трансшекаралық сәлемдемелердің» артындағы әсерлі әңгімелерден хабардар болды.

Түркіменстанның «Turkmenistan Daily» газетінің тілшісі Айгүл Рахимованың айтуынша, бірлескен сұхбат көптеген елдің БАҚ-тары үшін өзара қарым-қатынас алаңын құрып, көпшіліктің Орталық Азия мен Қытай ынтымақтастығын терең сезінуге мүмкіндік беріпті.

«Халық Газеті» шетелде көпұлтты БАҚ-пен ауқымды бірлескен сұхбатты бірінші рет ұйымдастырып отыр. Алдағы күндері «Халық Газеті», онлайн «Халық Газеті», «Қазақпарат» халықаралық ақпарат агенттігі, Қазақстанның BAQ.KZ ақпарат агенттігі, Тәжікстанның Авеста ақпарат агенттігі, Тәжікстанның ASAL жаңалықтар желісі, «Turkmenistan Daily» тілшілері, Өзбекстан 24 радиостанциясы және Орталық Азияның басқа да көптеген бұқаралық ақпарат құралдары Қазақстанның бірқатар аймағына барып, энергетика, көлік, ауыл шаруашылығы және білім беру сияқты ынтымақтастықтың негізгі жобаларын аралап, Қытай-Орталық Азияның «Бір белдеу, бір жолды» бірлесіп салуда тең ұтысқа жеткен хикаяларды айтып, тағдыры ортақ Қытай-Орталық Азия қоғамдастығының құрылысы үшін медиа үлесін қосады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото