- Барлық ақпарат
Ли Чжэ Мён Корея республикасы президенті сайлауында жеңіске жетті
Корея республикасында өткен президенттік сайлауда «Тобуро» Демократиялық партиясының атынан қатысқан Ли Чжэ Мён жеңіске жетті, деп жазды Kazinform агенттігінің тілшісі.
Қазіргі таңда сайлаушылардың дауысы саналып, 100% нәтижесі жарияланды. Ли Чжэ Мён 49,42% дауыс жинаса, қарсыласы Ким Мун Су — 41,15% дауысқа ие болды.
61 жастағы Ли Чжэ Мён алғаш рет 2017 жылы Демократиялық партия ішіндегі праймериз кезінде ел назарына іліккен еді. 2022 жылғы президенттік сайлауда ол Юн Сок Ёльге аздаған айырмашылықпен жеңіліп қалған.
2024 жылғы жалпы сайлау барысында Ли қайта сайланып, Демократиялық партияны жеңіске жеткізді. Осы арқылы ол оппозициядағы негізгі көшбасшы және Юн Сок Ёль әкімшілігінің басты сыншысы ретіндегі беделін күшейтті, деп жазады Asia Pacific Foundation of Canada.
people.cn © People's Daily Online