Құрық порты арқылы Еуропаға жүк көліктері тасымалдана бастады

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 4 маусым

Өткен айда 100 автокөлік Баку портына жеткізіліп, одан әрі Еуропа елдеріне жөнелтілген. Енді ай сайын 500 көлік тасымалдау жоспарда деп жазды Kazinform.

Нәтижесінде жүк айналымы – 19 млрд доллар болмақ. Бұл жобаға Ақтау халықаралық әуежайы да атсалысады. Олар ауыр жүк көліктерін сақтап, тиеп, ұшақпен тасымалдайды. Осы мақсатта – аталған кәсіпорындар қытайлық компаниямен келісімшарт жасады.

- Қай мемлекеттің көліктік логистикасы өркендесе, экономикасы дамиды. Бүгінгі келісім арқылы тек Ақтауға ғана емес, жалпы Қазақстанға, сол арқылы Еуропаға өтетін үлкен жолды ашып жатырмыз. Бұл - тарихи сәт. Қытай биржасындағы ірі логистикалық компаниясы ретінде жергілікті әкімдікпен, әуежай және теңіз портымен байланыс орнату мен үшін үлкен қуаныш, - дейді Қытай компаниясының басшысы Чжан Цзинъюй.

Құрық портының басшысы Серік Ахметов алдағы уақытта Транскаспий халықаралық көлік дәлізі арқылы жүк тасымалы артатынын алға тартты.

- Бұл өңірде көлік логистикасын дамытуға айтарлықтай әсер етеді. Маңғыстаудың географиялық орналасуын ескерсек, бүгінгі жасалған меморандум Құрық портының қазіргі әл-ауқатын одан әрі арттыруға мүмкіндік береді. ҚР Мемлекет басшысының Жолдауында айтылғандай «Жасыл дәлізді» дамытамыз. Облыстағы порттарда жүк тасымалы арта түседі, - дейді ол.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото