- Барлық ақпарат
Қытай мен Қазақстан арасындағы прагматикалық ынтымақтастық Қазақстанның өнеркәсіптік деңгейін жақсартуға дем берді
4 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- Каспий теңізіндегі асфальт зауытын Citic group және Қазақстанның Ұлттық Мұнай-Газ компаниясы бірлесіп инвестициялайды. Бұл Орталық Азиядағы жоғары стандартты жол асфальтін өндіруге маманданған жалғыз мұнай өңдеу зауыты. Ол сондай-ақ Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін салынған алғашқы ауқымды мұнай-химия жобасы. Зауыт 2013 жылы аяқталып, пайдалануға берілді. Ағымдағы жылдың мамыр айында зауыт энергетикалық экспансия мен жаңғыртуды аяқтады, шикі мұнайды қайта өңдеудің жылдық қуаты жылына 1 миллион тоннадан 1,5 миллион тоннаға дейін өсті. Ал асфальттің жылдық өндірісі 500 000 тоннадан 750 000 тоннаға дейін жоғарылады. Бұл қазақстандық инфрақұрылымды салуға қажетті жол асфальтінің жетіспеушілік мәселесін шешті. Жоба Қытай мен Қазақстанның «Бір белдеу, бір жолды» жоғары сапада бірлесіп салудағы ынтымақтастықтың тағы бір прагматикалық нәтижесі.
Жақында жөнделген зауыт аумағында жаңа жабдықтар күн сәулесіне шағылысып, жарқырайды. Каспий асфальт зауыты бас менеджерінің бірінші орынбасары Талғат Мұқановтың журналистерге берген сұхбатында жөндеу жобасын Citic group компаниясы қолға алғанын және олардың барлығы қытайлық технологияны пайдаланатынын айтты. «Жоба мерзімінен бұрын аяқталып, Қазақстан Президенті Қ.Тоқаев пен ҚР Энергетика министрлігінің жоғары бағасына ие болды.»
Зауыттың бас менеджерінің өндіріс жөніндегі орынбасары Махмұд Мадибаев зауыттағы ең биік ғимаратты нұсқай отырып: «Биіктігі 39,9 метр және салмағы 140 тонна болатын бұл декомпрессиялық мұнараны көтеру жөндеу жобасының ең қиын бөлігі болып табылады. Декомпрессионды мұнараның декомпрессионды айдау технологиясы шикі мұнайды өңдеу қуатын жақсартуға және өнім сапасын одан әрі жоғарылатуға мүмкіндік береді. Жоба сонымен қатар ластаушы заттардың шығарындыларын азайтуды және энергияны қайта өңдеуді жүзеге асыру үшін, азотты қыздырғыштар мен қалдық жылуды қалпына келтіру сияқты технологияларды қолданады»-, деді.
Зауытта көргені мен жұмысшылардан естігені Тәжікстанның Авеста ақпарат агенттігінің БАҚ-пен байланыс бөлімінің басшысы Азизжон Мақсұдовқа ерекше әсер қалдырды: «Зауыттың өндіріс технологиясы өте озық, көптеген басқару байланыстары толығымен автоматтандырылған. Бұл Қытай мен Орталық Азия елдерінің әлеуетті ынтымақтастығының көрінісі. Тәжікстанның географиялық ортасы мен климаты алуан түрлі. Жол салу үшін жоғары сапалы асфальт қажет. Сондықтан мен зауыттың Тәжікстанмен асфальт өндіру немесе Тәжікстанға сату бойынша ынтымақтастығының іске асатынына сенемін. Өз хабарларым Қытайдың Тәжікстанда осындай зауыттың құрылысын салуға септігі тисе деп күтемін», - деді.
Бүгін Қазақстан ақпарат агенттігінің тілшісі Олеся Кольцова: «Зауыт Қазақстанның өнеркәсіптік әлеуетін арттыруға және экономикалық оң өзгерістерге қол жеткізуге көмектеседі. Бұл стратегиялық маңызы бар жоба. Болашақта осындай модернизациялау жобаларын, әсіресе Қытаймен ынтымақтастық жобаларының көбірек болуын күтемін. Қазақстан мен Қытай арасындағы прагматикалық ынтымақтастық Қазақстанның өнеркәсіптік деңгейінің тез жақсаруына серпін берді»- деп өз пікірімен бөлісті.
people.cn © People's Daily Online