- Барлық ақпарат
«Қытай-Орталық Азия рухының» мәні мен дәуірлік құндылығын терең түсіну және игеру
30 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- Мемлекеттік Кеңестің дамуды зерттеу орталығы Еуразиялық әлеуметтік даму институтының директоры Ли Юнцюань «Халық Газетінде» «Қытай-Орталық Азия рухының» мәні мен дәуірлік құндылығын терең түсіну және игеру» атты мақаласын жариялады. Мақаланың мазмұны келесідей үзінділерден тұрады:
16-18 маусым аралығында ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Қытай-Орталық Азия екінші саммитіне қатысу үшін Қазақстанның Астана қаласына барып, Орталық Азияның бес елінің мемлекет басшыларымен кездесулер өткізді. Осы саммитте Си Цзиньпин ««Қытай-Орталық Азия рухын» ілгерілету және аймақтық ынтымақтастықты сапалы дамытуға жәрдемдесу» атты негізгі баяндама жасады. Алғаш рет «Қытай-Орталық Азия рухын» жүйелі түрде «өзара сыйластық, өзара сенім, өзара тиімділік, өзара көмек, сапалы даму арқылы ортақ модернизацияны ілгерілету» деп түсіндірді.
«Қытай-Орталық Азия рухы» ұсынысы Қытайдың Орталық Азия елдерімен қарым-қатынасы тарихи эволюциясының ішкі логикасының теориялық сублимациясы ғана емес, сонымен бірге Қытайдың Орталық Азия елдерімен қарым-қатынасының болашақ дамуы үшін құндылық нұсқаулығы мен іс-қимыл нұсқаулығын белгілейді. «Қытай-Орталық Азия рухы» терең теориялық коннотацияға және айрықша дәуірлік құндылыққа ие. Бұл Орталық Азия аумағында және халықаралық қауымдастықта көпшіліктің назарын ерекше аударды және белсенді талқыға айналды. Сондай-ақ тағдыры ортақ Қытай-Орталық Азия қоғамдастығын құруға рухани күш әкелді.
«Қытай-Орталық Азия рухы» - Қытай-Орталық Азия екіжақты қатынастарының ұзақ мерзімді дамуының жемісі
Автор Қытай мен Орта Азия арасындағы алмасу тарихы мыңдаған жылдарға созылғанын, ежелгі Жібек Жолы екі өркениеттің өзара алмасуы мен ортақ өркендеуінің тарихи куәсі болғанын атап өтті. Мыңдаған жылдар бойы Қытай мен Орталық Азиядағы барлық этностардың халқы бірлесіп Жібек Жолының өркендеуіне ықпал етіп, әлемдік өркениеттермен алмасуға және адамзаттың алға басуына зор үлес қосты. Достық ынтымақтастық әрқашан тарихтың басты арқауы болды.
Орталық Азия елдері тәуелсіздік алғаннан бері Қытай әрқашан бейбіт қатар өмір сүрудің бес қағидатын ұстанды. Барлық елдер өз бетінше таңдаған даму жолын құрметтеді, өзара тиімді ортақ ұтысқа жету принципін ұстанды, прагматикалық ынтымақтастықты тереңдете түсті. «Айырмашылықты сақтай отырып, үйлесімділікке қол жеткізу» ұғымымен гуманистік алмасуды ілгерілетті.
Қазіргі уақытта Қытай мен Орталық Азияның бес елі жан-жақты стратегиялық серіктестік орнатып, тағдыры ортақ адамзат қауымдастығы мен тағдыры ортақ аймақтық қауымдастық құру бойынша стратегиялық консенсусқа қол жеткізді. «Бір белдеу, бір жолды» бірлесіп құру бойынша барлық елдермен ынтымақтастық туралы құжатқа қол қойды. Қытай-Орталық Азия механизмі қарқынды дамып, практикалық ынтымақтастыққа және көптеген нәтижелерге жетті. Оны Орталық Азия елдері жоғары бағалап, өңірлік ынтымақтастықтың эталонына айналды.
Қытайдың Орталық Азиямен қарым-қатынасы аймақтық тұрақтылықты сақтаудың маңызды іргетасы саналды.
«Қытай-Орталық Азия рухы» - жаһандық басқаруды трансформациялауға ықпал ететін құндылық координаты
Автор Орталық Азияның Еуразияны байланыстыратын және Солтүстік пен Оңтүстікті ендей өтетін стратегиялық қиылыста орналасқандығын және бірегей географиялық әлеуетке ие екендігін баса айтады. Орталық Азия аймағы ұлы державалар стратегиялық ойынының басты бағыты ғана емес, сонымен бірге терроризм, сепаратизм және экстремизмнің таралу қаупі жоғары аймақ болып табылады. Бұл күрделі геосаяси қауіпсіздік жағдайы Қытайды қамтыған аймақ елдерінің дамуына тәуекел және сын-қатер төндіреді. Осылайша, өңірлік тұрақтылықты сақтау Қытай мен Орталық Азия елдерінің ортақ негізгі мүдделерінің түйісу нүктесіне айналды.
«Қытай-Орталық Азия рухы» нөлдік қосынды сияқты дәстүрлі геосаяси ойын логикасын бұзады, өзара сенім мен бір-біріне көмек көрсетуді тереңдетуге баса назар аударады және әртүрлі тәуекелдер мен қиындықтарды жеңу, аймақтық қауіпсіздік пен тұрақтылықты бірлесіп сақтау үшін бірге жұмыс істеуді жақтайды. Бұл Қытай-Орталық Азия аймағының қауіпсіздігін басқару бағытын көрсетіп қана қоймайды, сонымен қатар жаһандық қауіпсіздікті басқару дилеммасын шешуге, әлемдегі бейбітшілікті дамытуға және оң энергияны енгізуге ықпал етеді.
Орталық Азиядағы ынтымақтастық әрқашан Қытайдың перифериялық дипломатиясының басым бағыты болды.
Орталық Азия-Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының маңызды аймағы және «Бір белдеу, бір жол» сапалы бірлескен құрылысының алғашқы алға қойылған орыны және демонстрациялық аймағы. «Өзара сенім, өзара тиімділік, өзара теңдік, өзара кеңесу, алуан түрлі өркениеттерді құрметтеу, ортақ дамуға ұмтылу» сынды Шанхай рухы, сондай-ақ «бейбіт ынтымақтастық, ашықтық және толеранттылық, өзара үйрену, өзара тиімді ортақ ұтысқа жету» сынды Жібек Жолы рухы Орталық Азияда терең қолданылып, жемісті нәтижелерге қол жеткізді.
«Қытай-Орталық Азия рухы» барлық елдердің ортақ дамуы мен өркендеуі туралы тамаша көзқарасты қамтиды
Автор дамуға ұмтылу үнемі барлық елдердің басты мүддесі болып табылады және дамудың қолайлы ортасын құру өте маңызды деп санайды. Қытай қуатты ел құрылысын және Ұлттық жаңғыру ұлы ісін Қытай стиліндегі модернизациямен жан-жақты ілгерілетуде. Орталық Азияның бес елі де өздерінің ұлттық даму стратегияларын белсенді түрде жүзеге асыруда. Бұл стратегиялар маңызды ортақтықтарды көрсетеді. Басты сұраныс - қауіпсіз және тұрақты даму ортасын сақтау. Негізгі мақсат - күрделі халықаралық жағдайда тұрақты экономикалық және әлеуметтік прогреске қол жеткізу, адамдардың әл-ауқатын жақсарту. Негізгі жол - ғылыми-техникалық революцияның кинетикалық энергиясын экономикалық қайта құрулар мен модернизацияларды ынталандыру үшін пайдалану. Ортақ көзқарас - аймақтық экономикалық ынтымақтастықты тереңдету және ұлттық даму мақсаттарына ашық, инклюзивті түрде қол жеткізу. «Қытай-Орталық Азия рухы» Қытай мен Орталық Азияның ортақ дамуы мен өркендеуіне жетекшілік ету үшін күшті құндылық көшбасшылығы мен практикалық нұсқаулықты қамтамасыз етеді.
Осы саммиттің қорытындылары туралы құжаттарды, әсіресе Қытай-Орталық Азия екінші саммиттің Астана Декларациясын қарастыра отырып, Орталық Азия елдері баса назар аударатын даму бағыттары ынтымақтастық түйіндеріне енгізілді. Қытай кедергісіз саудаға, өнеркәсіптік инвестицияларға, өзара байланыстарға, жасыл пайдалы қазбаларға, ауыл шаруашылығын жаңғыртуға, кадрлар алмасуға және т.б. неғұрлым нақты жобаларды іске асыруға назар аудара отырып, Орталық Азия елдерімен прагматикалық, тиімді және терең интеграцияланған ынтымақтастық жобасын оңтайландыруды жалғастырады. Сондай-ақ цифрлық инфрақұрылым, жасанды интеллект және т.б. салалардағы ынтымақтастықты нығайтады.
«Қытай-Орталық Азия рухының» жетекшілігімен жан-жақты ынтымақтастық әртүрлі елдердің модернизация процесін тиімді жеделдетіп, Қытайдың әлеммен байланысының кеңдігі мен тереңдігін ұлғайта түседі. Орталық Азияның Еуразияны байланыстыратын дәліз және хаб ретіндегі стратегиялық позициясын айтарлықтай нығайтып, әлемнің түкпір-түкпіріндегі адамдар арасында өзара түсіністік пен достық алмасуды тереңдетеді. Сондай-ақ даму нәтижелерімен және тұрақты бейбітшілікпен бөлісудің аймақтық көзқарасын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
people.cn © People's Daily Online