Алғашқы бес айда Қытайдың «Бір белдеу, бір жолды» бірлесіп салатын елдерге қаржылық емес тікелей инвестициясы 20,8%-ға өсті

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 30 маусым
Алғашқы бес айда Қытайдың «Бір белдеу, бір жолды» бірлесіп салатын елдерге қаржылық емес тікелей инвестициясы 20,8%-ға өсті

30 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- Сауда министрлігінің баспасөз өкілі Хэ Ядун 26 мусымда мәлімдеме жариялап, осы жылдың қаңтар-мамыр айлары аралығында Қытайдың шетелдік тікелей қаржылық емес инвестициялары 61,6 миллиард АҚШ долларын құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,3%-ға өскенін, ал «Бір белдеу, бір жолды» бірлесіп салатын елдерге қаржылық емес тікелей инвестиция 15,52 миллиард АҚШ долларын құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20,8%-ға өскенін хабарлады.

Хэ Ядун Сауда министрлігі өткізген кезекті баспасөз мәслихатында осы жылдың алғашқы бес айында Қытайдың шетелдік инвестициялық ынтымақтастығының жағдайын таныстырды. Оның айтуынша, қаңтардан мамырға дейін еліміздің шетелдік келісімшарттық жобаларының айналымы 61,94 миллиард АҚШ долларын құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,4%-ға өсті; жаңа келісімшарттардың көлемі 98,68 миллиард АҚШ долларын құрап, былтырдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13%-ға өсті. Олардың ішінде қытайлық компаниялар «Бір белдеу, бір жол» елдерінде ұлттық мердігерлік жобалар бойынша 50,59 миллиард АҚШ доллары көлеміндегі тауар айналымын аяқтады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,9%-ға өсті; қол қойылған жаңа келісімшарттардың көлемі 84,93 миллиард АҚШ долларын құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20,7%-ға өсті.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото