Әлемдік робот-спортшылар тамыз айында бәсекеге түспек

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 2 шілде

2 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- 2025 жылғы Дүниежүзілік гуманоидты робот ойындары тамыз айының ортасында «Мұз лентасы» Ұлттық конькимен сырғанау залында өтеді. Роботтардың жеңіл атлетикаға, футболға, жекпе-жек өнеріне, гимнастика және басқа да көптеген жобаға қатысатыны туралы жаңалық жарияланды.

30 маусымда өткен баспасөз мәслихатында Бейжің қалалық спорт бюросының инспекторы Чжан Хуа бұл жарыста тек спорттық жобалар ғана емес, сонымен қатар атаулы шараны одан әрі байыту үшін сахналық жарыс ұйымдастыратынын айтты. Шара гуманоидты роботтардың техникалық қуатын көрсету үшін ғана емес, сонымен қатар робототехника мен адам өмірінің терең интеграциясын көрсету және ғылым-техника мен жұртшылық арасындағы қашықтықты қысқарту үшін ұйымдастырылып отыр.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото