Чжэцзян Орталық Азияға алғашқы тікелей жүк тасымалдау бағытын ашты

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 3 шілде

3 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- 2 шілдеде C6622 рейсі бар Boeing 767 толық жүк ұшағы Ханчжоу Сяошань халықаралық әуежайынан Ташкентке бағыт алды. Сөйтіп, Ханчжоу-Ташкент толық жүк рейсінің бағыты ресми түрде ашылды. Бұл Чжэцзян өлкесіндегі Орталық Азияға алғашқы тікелей жүк бағыты, сонымен қатар биыл Ханчжоу әуе портынан ашылған екінші жаңа толық жүк ұшақ бағыты.

Маршрут әр сәрсенбі және жексенбі күндері 6 сағат ұшып, Ташкентке жетеді. Ұшаққа салмағы 50 тоннадан аспайтын жүк тиеуге болады. Бұл Чжэцзянның күнделікті қолданатын бұйымдар, киім-кешек және басқа да тауарларының Орталық Азияға тікелей жетуіне мүмкіндік береді. Сонымен қатар, Өзбекстанның жаңа піскен жемістері мен басқа да ауылшаруашылық өнімдерін елге ала келіп, Шығыс Қытай нарығын толықтырады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото