- Барлық ақпарат
Батыс Ся әулеті кесенесі дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді (9)
![]() |
14 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- Жергілікті уақыт бойынша 11 шілде күні Францияның Париж қаласында өткен ЮНЕСКО-ның 47-інші дүниежүзілік мұралар конференциясында «Батыс Ся әулеті кесенесі» «Дүниежүзілік мұралар тізіміне» сәтті енді. Бұл Қытайдың 60-ыншы дүниежүзілік мұрасы.
Батыс Ся кесенесі Нинсяның Иньчуань қаласы Хэлань тауы Хунцзишань шөлінде орналасқан. Кесене - Батыс Ся әулетінің патшалық қабірі. Біздің заманымыздың 1038 жылы Таңғыттар екі Сон, Ляо және Цзинь патшылықтарымен қатар Батыс Ся билігін құрады. Оның астанасы қазіргі Нинсяның Иньчуань қаласы. Батыс Ся әулеті 1227 жылы жойылып, оның кесенесі тарихтың қатпарында 700 жылдан астам уақыт көмулі қалды.
1972 жылы ғана Батыс Ся кесенесі археология саласына алғаш енгізілді. Жарты ғасырлық қазба жұмыстары мен зерттеулерден кейін Батыс Ся кесенесінің құпиясы біртіндеп ашыла бастады. Археологиялық зерттеулер көрсеткендей, Батыс Ся кесенесінің мұра аймағының негізгі аумағы шамамен 40 шаршы шақырымды құраған. Оның ішінде 9 империялық қабір, 271 бірге жерлеу қабірі, 1 ауқымды солтүстік құрылыс алаңы және 32 су тасқынынан сақтану жоба жұрты болған.
ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұра комитеті Батыс Ся кесенесінің тұтастығы мен шынайылығын мақұлдап, кесенені көп түрлі мәдениет тоғысының куәсі ретінде бағалады. Оның кеңістіктік орналасуы, дизайн тұжырымдамасы және архитектуралық пішіні Тан және Сон әулеттерінің кесенелер жүйесі дәстүрінде салынған. Кесене буддистік наным мен Таңғыттардың әдет-ғұрпын біріктіріп, айырықша наным мен жерлеу ғұрпын сақтауымен ерекшеленеді. Бұл заманымыздың XI-XIII ғасырларында Жібек жолының мәдени және коммерциялық алмасулары кезінде Батыс Ся әулетінің бірегей орнын көрсетеді.
people.cn © People's Daily Online