Қытайға саяхат танымал бола түсті

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 17 шілде
Қытайға саяхат танымал бола түсті

17 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай визадан босату саясатын енгізгеннен бері Қытайға саяхаттайтындар көбейді.

16 шілдеде Ұлттық Иммиграция басқармасы бірінші жартыжылдықтағы иммиграцияны басқарудың негізгі деректерін жариялады. Деректерге сәйкес, 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында елге кіріп-шыққан шетелдіктердің саны тұрақты түрде өсіп, 38,053 миллионға жетті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 30,2%-ға өсті; олардың ішінде елге 13,64 миллион шетелдік визасыз келген, бұл елге кіретін шетелдіктердің 71,2%-ын иелеп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 53,9%-ға өсті.

Қазіргі уақытта Қытайдың 240 сағаттық транзиттік визасыз саясаты қолданылатын елдердің саны 55-ке дейін өсіп, ал «елден кеткенде салығын қайтару» Қытайға сапарды танымал етудің маңызды себептерінің біріне айналды. Бірқатар инновациялық саясат пен шаралар көптеген шетелдік достарды Қытайға туризм және бизнес үшін келуге ынталандыруда. Қытай сыртқы әлемге өзінің жоғары деңгейдегі ашықтығын барған сайын кеңейтіп, нақты нәтижелермен дәлелдеуде.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото