- Барлық ақпарат
Бұл Шыңжаңда ғана бар - атлас жібек
28 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- Ол жұмсақ, жеңіл әрі нәзік. Түстері әдемі, өрнектері бай әрі құбылмалы. Бұл жібек Шыңжаңдағы ұйғыр әйелдерінің аса ұнатып көйлек тіктіретін матасы.
«Атлас» сөзі ұйғыр тілінде әдемі және шексіз деген мағынаны білдіреді. Атлас жібегінің 3000 жылдан астам тарихы бар. Оның өндіріс технологиясы көне және күрделі. Мата «Жібек жолындағы» тірі қазба, «XXI ғасырдағы соңғы жібек қолөнері» деген атауымен де танымал.
Атластың кереметі - оған «алдымен боялып, содан кейін тоқу» сынды ежелгі әдісті қолданады. Яғни, алдымен мата тоқылатын өрмек жіптер боялады, содан кейін жібекті тоқиды.
Шеберлер шикізат ретінде шикі жібекті пайдаланады, алдын ала әзірленген үлгі-қалыптарға сәйкес, жібек жіптерді жүгері қабығымен бөліп, орап алады. Содан кейін бояу үшін куркума, мақсары, жаңғақ қабығын және басқа да өсімдік немесе минералды бояғыштарды пайдаланады.
Жіп бояғыш ерітіндісіне толық шыланғаннан кейін, түйілген жері жібек жіптің әуелгі түсін сақтап қалады. Ал бояғыштағы арқау бояуды сіңдіру мен боялған уақыттың ұзақтығына байланысты түстері қанық немесе солғындау болып шығады. Кейде атлас жібектің бетіндегі түс неше он түрге дейін жетеді.
Атлас жібекке басылған өрнектер алуан пішінде болады. Кейбіреулері бадам мен тораңғы сияқты өсімдік түрлерінен, кейбіреулері раваф және дутар сияқты музыкалық аспаптан, ал кейбірі қой мүйізінен, ағаш тарақтан, асыл тастардан және этникалық ерекшеліктерге өте бай бұйымдардан алынады.
Бұл өрнектер «алдымен боялып, содан кейін тоқу» айшығын анық көрсетеді. Жібекке басылған өрнектерде табиғи түстердің кірігуі, әртүрлі түстер арқылы бір-бірінен ажыратылып, салмақты әрі нәзік түстердің үйлесуін орнықтырады. Бұл өрнектің жіктерін ашып, белгі-бедері өзгерістерге толы бірегейлік қалыптастырады. Көрген адамға тосын әсер береді.
Ежелгі шеберліктің қалпын бұзбай мұрагерлік етіп, дамыту үшін 2008 жылы Шыңжаң Ұйғыр атлас жібек тоқу және бояу дағдылары ұлттық материалдық емес мәдени мұра тізіміне енгізілді. 2015 жылы Шыңжаң атласын әзірлеу және зерттеуді дамыту орталығы құрылды. 2016 жылдан бастап Шыңжаң Ұйғыр автономиялық регионы «Тяньшаньнан шыққан атлас» жобасын жүзеге асыруды бастады. Атластың өндірістік дағдылары сән дизайнының тұжырымдамасымен біріктіріліп, бүгінгі заманмен әбден жарасым тапты. Осы әсемдік Қытайдан шығып, әлемге жол тартты.
Қазіргі уақытта атлас батыс жібек мәдениетінің өкілі ретінде сән сахнасына көтеріліп, заманауи киім дизайнын біріктіруде. Сөйтіп, Қытайдың халықаралық сән апталығы мен Бейжің сән апталығы сияқты халықаралық сахна деңгейіне жетті. Көптеген дизайнерлер атлас элементтерін бүгінгі қолөнермен жалғастырды, бұл атлас инновациясының дамуына жаңа серпін береді.
Атлас - ұлтқа тән дүние әлемге де тән.
people.cn © People's Daily Online