Бейжіңде Чанань даңғылының бойында гүлзарлар отырғызылды

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 27 тамыз
Бейжіңде Чанань даңғылының бойында гүлзарлар отырғызылды

27 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Бейжіңдегі Чанань даңғылының бойында Қытай Халқының Жапон шапқыншылығына қарсы соғыс пен Дүниежүзілік антифашистік соғыстағы жеңісінің 80 жылдығына орай гүл шоқтарын қою жоспары жарияланды.

Бейжің қалалық көгалдандыру бюросының мәліметіне сәйкес, еске алу шарасы кезінде, «тарихты естен шығармау, құрбандарды еске алу, бейбітшілікті қастерлеу және болашақты құру» тақырыбындағы гүл шоқтары Чанань даңғылын бойлап отырғызылды. Онда гүлзарлардың 10 тобы орнатылып, бұл 80 жыл бойы ұлы Қытай халқының алдыңғылардың ізін басып, қайтпас қайсарлықпен, мойымас жігермен құдыретті ел құру мен ұлттың ұлы гүлдену ұлы ісін жүзеге асыру жолындағы тер төккен биік рухын айқын көрсетеді.

Қазіргі уақытта гүлзарларды отырғызу жұмысы аяқталып, Чанань даңғылының бойында гүлзарлардың 10 тобы жайнап тұр.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото