- Барлық ақпарат
Бейжіңде жауған қалың нөсерден 30 адам қаза тапты (2)
(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 29 шілде
29 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- Бейжіңдегі толассыз жауған жауын-шашынның салдарынан қалада 30 адам қаза тапты. Олардың ішінде Миюнь аумағынан 28 адам, Яньцин аумағынан 2 адам бар.
Зардап шеккен аудандарда 31 жол зақымдалып, 136 ауылда электр қуаты үзілді.
ҚКП Бейжің қалалық комитеті қалалық үкімет құтқару күштері мен апаттарды жою материалдарын дер кезінде ұйымдастырып, зардап шеккен адамдарды уақытылы орналастырды, жараланғандар мен қайтыс болғандардың санын азайту үшін бар күштерін салып апатпен күресті. Қазіргі уақытта Бейжіңде жалпы 80 332 адам қауіпсіз жерге уақытша көшірілді. Уақытша көшірілгендердің саны көп үш аумақ - Миюнь, Хуайжоу және Фаншань.
(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online