- Барлық ақпарат
Жартастағы аңызға айналған тасжол (10)
(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 29 шілде
29 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- Хэнань өлкесі Хуйсиан қаласы Гуолян ауылы Тайхан тауының қойнауында орналасқан. Осыдан ондаған жыл бұрын бұл жер әлемнен оқшауланған, күннің қабағына қарап жанын баққан құнарсыз жер болатын. Ауыл тұрғындары бірнеше ғасыр бойы таудан түсу үшін Сун дәуірінде (960-1279) салынған «аспан баспалдағын» пайдаланған.
1972 жылы Гуолян ауылының тұрғындары жол салу үшін Тайхан жартастарында болат қашаулар мен балғаларды пайдаланып, тауды бұрғылай бастады. 5 жылдан кейін теңіз деңгейінен 1700 метрге созылатын ұзындығы 1250 метр жартас дәлізі салынды.
Бүгінде бұл «жартас дәліз» танымал туристік жерге айналған. Жергілікті ауыл тұрғындары туризм арқылы табыстарын арттырып, тұрмыстарын жақсартты.
(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online