- Барлық ақпарат
Шыңжаң Құлжа-Моңғұлкүре тасжолы: Ғажайып табиғатымен туристерді қызықтырады
31 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- Жаз мезгілі, Шыңжаңдағы Ижао (Құлжа-Моңғұлкүре) тасжолы өзі көлік жүргізіп саяхаттауды ұнататындарды ғажайып табиғатынан ләззат алуға тартады. Шапшал сібе автономиялық ауданының Қоғамдық қауіпсіздік бюросының жол полициясы бригадасы ұсынған мәліметтерге сәйкес, 1-23 шілде аралығында Құлжа-Моңғұлкүре тасжолы күніне орта есеппен 8500 көлік құралын өткізіп отырған. Ағымдағы жылдың 15 мамырында маусымдық қозғалыс қайта басталғаннан бері 450 000 көлік өтті. Жалпы ұзындығы 120 шақырымнан асатын Құлжа-Моңғұлкүре тасжолы солтүстіктегі Құлжа қаласындағы Іле өзені көпірінен басталып, Шапшалды ендей өтіп, оңтүстік басы Моңғұлкүре ауданына жетеді. Құлжа-Моңғұлкүре тасжолының бойындағы көркем көрініс жыл сайын Шыңжаңның ішінен және сыртынан көптеген көлікпен саяхаттаушы туристерді тартады. Жылына бірнеше ай ғана трафикке ашылатыны үшін жұрттар оны «шектеулі уақытқа арналған жүз шақырымдық гүлдер дәлізi» деп атайды.
people.cn © People's Daily Online