- Барлық ақпарат
Қытай-Еуропа пойыздарының Түркияға «Орталық дәліз» арқылы бару уақыты 15 күнге дейін қысқарды (3)
5 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Түркияның Көлік министрінің орынбасары Энвер Өскүрт 4 тамызда Қытай-Еуропа пойыздарының Қытайдан Түркияға «Орталық дәліз» (Транскаспий халықаралық көлік дәлізі) арқылы тасымалдау уақыты 15 күнге дейін қысқарғанын айтты.
Сол күні Түркияға келген екі пойыз Ыстамбұлдан Польшаның Лодзь қаласына және Венгрияның Будапешт қаласына жөнелтілді. Олардың ішінде Чэнду қаласынан келген пойыз 508 тонна жүк тиеп, Шыңжаңдағы Алашанькоу порты арқылы Қытайдан шығып, «Орталық дәліз» арқылы Түркияның Карс қаласына жеткен. Бүкіл сапар небәрі 15 күнге созылды.
Бұрын маршрут үнемі 20 күннен астам уақытқа созылатын. Энвер Өскүрт тасымалдау уақытының қысқаруы «Қытай, Түркия жене Еуропа үш тарап үшін маңызды прогресс» деп атады. Болашақ мақсат - Алашанькоу-Карс учаскесін 10 күнге дейін қысқарту.
«Орталық дәліз» - Қытайдан басталып, Орталық Азия мен Каспий теңізі арқылы Еуропаға дейін созылатын мультимодальды көлік арнасы. Қытай-Түркия 2015 жылы осы дәліз бен «Бір белдеу, бір жолдың» түйісуі туралы өзара түсіністік меморандумына қол қойған болатын.
people.cn © People's Daily Online