Қытай 12 жыл қатарынан әлемдегі ең ірі өнеркәсіптік роботтар нарығын сақтап келеді

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 5 тамыз
Қытай 12 жыл қатарынан әлемдегі ең ірі өнеркәсіптік роботтар нарығын сақтап келеді

5 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Тілші 2025 жылғы Дүниежүзілік робототехника конференциясының баспасөз мәслихатынан 2024 жылы Қытайдың өнеркәсіптік роботтар нарығы 12 жыл қатарынан осы саладағы әлемдегі ең ірі нарық мәртебесін сақтай отырып, роботтар сатылымы 302 000 жиынтық болғанын білді.

Хабарламаларға сәйкес, 2024 жылы Қытайдың робот-патенттік өтінімдері жалпы жаһандық робот-патенттік өтінімдердің үштен екі бөлігін құрады.

Өнеркәсіптік даму тұрғысынан Қытай әлемдегі ең ірі робот өндіруші ел саналады. Өнеркәсіптік роботтардың өндірісі 2015 жылғы 33 000 жиынтықтан 2024 жылы 556 000 жиынтыққа дейін өсті, ал қызмет көрсету мақсатында қолданылатын роботтардың өндірісі 10,519 миллион жиынтықты құрап, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 34,3%-ға артты.

Қолдану орталары бойынша өнеркәсіптік роботтар ұлттық экономиканың 71 үлкен салалық санатында, 236 орта салалық санатында қолданылып, ал өндірістік роботтардың тығыздығы әлемде үшінші орынға көтерілді. Тұрмыстық қызмет көрсету, қойма және логистика, коммерциялық қызметтер, қарттар мен мүгедектерге көмек көрсету, медициналық оңалту және басқа салалардағы қызмет көрсету мақсатындағы роботтардың әр салада қолданылуы айтарлықтай өсті. Халықаралық деректер компаниясының деректеріне сәйкес, 2024 жылы Қытай компаниялары әлемдік коммерциялық сервистік роботтар нарығында жетекші орынға ие болып, олардың жеткізілім үлесі 84,7%-ға жеткен. Бұл Қытайдың осы саладағы айқын ауқымдық артықшылығын көрсетеді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото