Шыңжаңның 7-інші Халықаралық халық биі фестивалі аяқталды

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 7 тамыз

7 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Үрімжіде Қытайдың Шыңжаңдағы 7-інші Халықаралық халық биі фестивалі аяқталды. Би фестивалі 20 шілде мен 5 тамыз аралығында өтті. Іс-шараға Азия, Еуропа және Солтүстік Америкадағы 8 елден, сондай-ақ Қытайдың өз ішінен келген барлығы 1 756 өнерпаз қатысып, би өнері алмасуларының дүбірлі алаңын жасады.

Қазақстанның «Қорқыт» этно ансамблі мен «Наз» би театры бірлесіп «Жайлауда» қойылымын орындады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото