- Барлық ақпарат
2025 жылғы 12-інші Дүниежүзілік ойындар Чэнду қаласында ашылды
8 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- 7 тамызда Сычуань өлкесінің Чэнду қаласында 2025 жылғы 12-інші Дүниежүзілік ойындар ашылды. Мемлекеттік Кеңестің мүшесі Чэнь Ицинь ашылу салтанатына қатысып, ойынның ашылғанын жариялады.
Чэнду Тяньфу Халықаралық Конгресс орталығының шырақтары жарқырап жанып, түнгі аспанды нұрландырды. Сағат 20-да Дүниежүзілік ойындардың ашылу салтанаты басталды, көңілді әуенмен сүйемелденіп, 116 ел мен аймақтан келген қатысушылар алаңға кезегімен кірді. Халықаралық Олимпиада комитетінің төрағасы Кирсти Ковентри бейнебайланыс арқылы сөз сөйледі, Чэнду Дүниежүзілік ойындарын Ұйымдастыру комитетінің төрағасы және Мемлекеттік бас спорт басқармасының директоры Гао Чжидань, Халықаралық Дүниежүзілік ойындар қауымдастығының төрағасы Хосе Перурена Лопес сөз сөйледі. 21:20-да Чэнь Ицинь: «2025 жылғы Чэнду 12-інші Дүниежүзілік ойындар ашық», - деп жариялағанда алаңдағы көрермен ду қол шапалақ соғып, дүбірлі жарыстың шымылдығы ашылды.
people.cn © People's Daily Online