Қазақстандық көз дәрігері Қытайда шетелдіктерге арналған мәңгілік тұрғындар жеке куәлігін алды (3)

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 11 тамыз
Қазақстандық көз дәрігері Қытайда шетелдіктерге арналған мәңгілік тұрғындар жеке куәлігін алды

11 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Дацин көз ауруханасының 66 жастағы офтальмологы Сәулебек Қабылбеков Қытайдың солтүстік-шығыс диалектісінде науқастармен еркін сөйлесе алады.

1990 жылдары Қазақстандағы көрнекті жас офтальмолог ретінде Сәулебек Қытайға жұмыс және академиялық алмасу үшін талай рет келген. 1998 жылы Дацин көз ауруханасы құрылған кезде ол техникалық көмек көрсетуге келіп, сол кездегі көз ауруларын емдеу бойынша озық техникаларды енгізді.

Ол ауруханада 27 жыл жұмыс істеп, ондаған тамаша жас дәрігерлерді дайындап, 200 000-нан астам науқасты емдеді. 2024 жылы Сәулебек Бейжіңдегі Халық құрылтайы сарайында Қытай үкіметінің достық сыйлығымен марапатталды.

Осы жылы Сәулебек Қытайдың Ұлттық иммиграциялық басқармасы берген шетелдіктерге арналған мәңгілік тұрғындар жеке куәлігін алды. «Қытайға алғаш келгенімде шашым мен сақалым қалың әрі қап-қара еді, қазір олар ағарды», - деп тебіренді, дәрігер «мен мұнда қайратым қайтқанша жұмыс істеуді тоқтатпаймын», - деп өзінің алға қойған мақсатымен бөлісті.

Фото:Синьхуа

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото