2025 жылы Ішкі Моңғұлдың Ордос Надам мерекесі басталды

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 13 тамыз
2025 жылы Ішкі Моңғұлдың Ордос Надам мерекесі басталды

13 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- 12 тамыз күні 2025 жылы Ішкі Моңғұлдың Ордос қаласы Надам мерекесінің шымылдығын ашты.

Ашылу салтанатында ат жалында ойнайтын 20 шабандоз тұлпарларымен келіп, тамаша өнер көрсетті. Ат үстінде тік тұру, ат үстінен қада ілу, ат үстінде әріптесін иығына мінгізіп шабу сынды қиын әрекеттерді орындап, жиналған жұртшылықты таңғалдырудан шаршамады.

Мәліметтерге сәйкес, биылғы Надам іс-шарасы 12 тамыздан басталып, 21 тамызға дейін жалғасады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото