Хуанхэ өзені 26 жыл қатарынан тоқтаусыз ағып келеді

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 13 тамыз
Хуанхэ өзені 26 жыл қатарынан тоқтаусыз ағып келеді

13 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Тілші 12 тамыз күні Су ресурстары министрлігінің Хуанхэ өзенінің су ресурстарын қорғау комитетінен алған мәліметіне сәйкес, еліміз Хуанхэ өзенінің су көлемін бірыңғай теңшеуді жүзеге асыру арқылы Хуанхэ өзені 1999 жылдан бастап 26 жыл қатарынан арнасы құрғамай, тоқтаусыз аққан.

Бұрын 1970 жылдардан бастап Хуанхэ өзенінің арнасында сарқылған жағдай белең берген еді. Яғни 1972-1999 жылдар аралығында Хуанхэ өзенінің бойындағы өңірлердің экономикалық және әлеуметтік дамуы барысында экологиялық қорғау жеткіліксіз болып, ана өзенімізде 22 жыл бойы арнасы құрғаған жағдай болып келген.

Мемлекеттік Кеңестің рұқсатымен Хуанхэ өзенінің суын қорғау жөніндегі комитеті 1999 жылдан бастап өзендегі су мөлшерін бірыңғай реттеуді ресми түрде жүзеге асырып келеді.

Хуанхэ өзені арнасы үздіксіз құрғаудан, сағасы толып аққан өзенге айналып, аңғарындағы өңірдің экономикалық және әлеуметтік жағдайының жоғары сапалы дамуына үлес қосты.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото