Чжэцзян өлкесі Нинбо қаласында ауылдық үйлердің шатырындағы фотоэлектрлік жобалар электр желісіне қосылды

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 13 тамыз
Чжэцзян өлкесі Нинбо қаласында ауылдық үйлердің шатырындағы фотоэлектрлік жобалар электр желісіне қосылды

13 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- 12 тамыз күні Чжэцзян өлкесінің Нинбо қаласындағы Тентоу болашақ қауымдастығына қарасты тұрғын үйлер төбесінде орналасқан фотоэлектрлік электр энергиясын өндіру жобасы желіге ресми түрде қосылды. Жобаның жалпы белгіленген қуаты 1959 киловатт, ал электр энергиясын өндірудің орташа жылдық қуаты шамамен 1,93 миллион киловатт-сағатты құрайды деп күтілуде. Қазіргі уақытта бұл Нинбоның ауылдық жерлеріндегі бірыңғай сиымдылығы бар үй шатырындағы ең ірі фотоэлектрлік жоба. Өндіретін электр қуатына келер болсақ, Тентоу ауылының ұжымдық жоспарына сәйкес әрбір ауыл тұрғынына алғашқы 10 жыл ішінде ай сайын 100 квт/сағ электр энергиясын тегін беруді қамтамасыз етпек.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото