Күшардың ескі қала аумағынан естілген барабан үні мың жылдардан сыр шертеді

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 14 тамыз
Күшардың ескі қала аумағынан естілген барабан үні мың жылдардан сыр шертеді

14 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Ымырт жабылған кезде Шыңжаңның Ақсу облысы, Күшар қаласы Рыстан көшесіндегі түрлі-түсті боялған ағаш есіктер жарық сәулесінен нұрланып тұр. Көшелердің түкпірінде барабан мен дутардың үні баяу естіліп, нанның хош иісі мен он екі мұқамның әуезді ырғағы үйлесіп, туристер легі үздіксіз ағып өтеді.

Жібек жолындағы «Куча мәдениетінің» тірі мұрасы ретінде Шыңжаңның Күшар қаласы «Көше бойындағы материалдық емес мәдени мұра» жобасы арқылы ескі қаланы жандандырып, көпмәдениетті көрсететін ашық мұражайға айналды. Әлемнің түкпір-түкпірінен туристер Куча мәдениетін және ежелгі қаланың лебін сезінуге жиналады.

Осы жылдың қаңтар-шілде айлары аралығында Күшар қаласына жалпы 7,1421 миллион ел іші туристі келді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 47,97%-ға өсті; ішкі туристер 3,846 миллиард юань ақша айналымын құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 50,63%-ға өсті.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото