- Барлық ақпарат
Тяньцзинь шет тілдер университетінің Қазақстан ғылыми-зерттеу орталығы салтанатты түрде ашылды (4)
15 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Бүгін Тяньцзинь шет тілдер университетінің Қазақстан ғылыми-зерттеу орталығының ашылу салтанаты өтті.
Қазақстанның Қытайдағы елшісі Шахрат Нұрышев салтанатты іс-шарада сөз сөйледі. Ол өз құттықтауында «Бұл орталықтың Қазақстан тарихын, тілі мен мәдениетін насихаттап, қоғамдық дипломатия саласындағы маңызды алаңға айналады деп үміттенемін» деді.
Айта кету керек, екі ел арасындағы кәсіптік білім беру саласындағы ынтымақтастықтың маңызды жетістігі ретінде Қазақстандағы Лу Бань шеберханасының жобасын қос тарапта да жоғары бағаланады. 2023 жылы Тяньцзинь кәсіптік-техникалық университеті салған Қазақстандағы алғашқы Лу Бань шеберханасы сынақ ретінде іске қосылды. Қазір екінші Лу Бань шеберханасының құрылысы жүріп жатыр. Жуырда Тяньцзиньде мұғалімдерді даярлаудың бірінші кезеңі өтті.
Шахрат Нұрышев қазақстандық «Жібек жолы шеберханасы» жақын арада Қазақ еліндегі үшінші Лу Бань шеберханасына айналатынын жеткізді.
people.cn © People's Daily Online