Алтай: Шыңжаңның солтүстігіндегі түске оранған күз (8)

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 27 тамыз
Алтай: Шыңжаңның солтүстігіндегі түске оранған күз

27 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Күз мезгілінде Шыңжаңның Алтай аймағы ерекше құлпыра түседі. Тяньшань тауының солтүстігі мен оңтүстігі күз құшағына енген сәтте бұл аймақ еріксіз көз тартады. Әсіресе Алтайдың Қанас көлі орман арасындағы жасыл жақұт секілденеді.

Көл бетіне түскен сәуле өзгерген сайын жасыл мен көк түс өзара алмасып, толқыннан шағылған нұр жалт-жұлт етіп көздің жауын алады.

Айналаға қарасаңыз, көлдің жартысы жасыл, жартысы алтын түске боялғандай әсер қалдырады. Тау баурайында орманның қою жасыл түсі мен күннің алтын сары түсі сабақтасып тұр. Бұлт пен тұманның арасында орман, аспан мен көл өзара тоғысқандай.

Міне осындай мың бояумен түрленген Алтайдың шексіз көркем пейзажы сіздің де ләззат алуыңызды күтеді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото