- Барлық ақпарат
Қытайдың ШЫҰ-ға мүше басқа мемлекеттерге салған түрлі инвестицияларының көлемі 84 миллиард АҚШ долларынан асты
28 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- 2025 жылдың шілдесіндегі жағдай бойынша Қытайдың ШЫҰ-ға мүше басқа мемлекеттердегі әртүрлі инвестициялық қорларының көлемі 84 миллиард АҚШ долларынан асты. Инвестициялық бағыттар біртіндеп мұнай-газ, пайдалы қазбалар, қайта өңдеу және жасау өнеркәсібі, инфрақұрылым құрылысы сияқты дәстүрлі салалардан цифрлық экономика және жасыл даму сынды дамып келе жатқан салаларға дейін ауқымы кеңейе түсті.
«Бір белдеу, бір жолды» жоғары сапада бірге салу жобасы жетекшілігімен Қытай мен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер арасындағы инвестициялық ынтымақтастықтың ауқымы кеңейді. Сондай-ақ, өндіріс пен жеткізу тізбегіндегі ынтымақтастық одан әрі тереңдей түсті. Қытай барлық мүше мемлекеттермен инвестицияларды қорғау туралы келісім жасады. Бір жыл ішінде Ресеймен, Қазақстанмен және Тәжікстанмен жаңартылған инвестициялық келісімдерге қол қойды. Сонымен қатар екіжақты инвестицияларға неғұрлым берік құқықтық кепілдіктер беру үшін Беларуссиямен сервистік сауда және инвестициялық келісімдерге келді.
Сауда-саттыққа келетін болсақ, Қытай мен басқа мүше мемлекеттер арасындағы сауда көлемі 2024 жылы 512,4 миллиард АҚШ долларына жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,7%-ға өсті. Бұл 2018 жылғы Циндао саммиті кезіндегі сауда көлемінен екі есе көп. Қытай мүше мемлекеттерден шамамен 90 миллиард АҚШ доллары көлемінде энергетикалық өнімдерді және 13,66 миллиард АҚШ доллары көлемінде ауылшаруашылығы өнімдерін импорттаған. Ал, мүше мемлекеттерге 210 миллиард АҚШ доллары көлемінде механикалық және электротехникалық өнімдерді экспорттайды. Бұл жалпы экспорттың 63% құрады. Сөйтіп, мүше мемлекеттердің индустрияландыру процесі мен экономикалық және халық тұрмысы дамуына айтарлықтай қолдау көрсетті.
people.cn © People's Daily Online