Қытай мен Қазақстан бірлесіп түсірген веб-сериалы көрермендерге жол тартпақ

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 1 қыркүйек

Қытайда «ІЛЕДЕ КҮТЕМІН…» атты алғашқы Қазақстан-Қытай бірлескен телехикаясының түсірілімі басталды. Қыркүйек айының басында түсірілім жұмыстары Алматы қаласы мен Алматы облысында жалғасады. Бұл «Жетінші арна» мен Қытайдың Шыңжаң мемлекеттік телерадио хабар тарату желісінің бірлескен жобасы, деп хабарлайды Жетінші арна.

Сюжет Іле өңірінде өрбиді және Қазақстан мен Қытай жастары арасындағы достық, махаббат пен ынтымақтастықты баяндайды.

Басты кейіпкерлер – әртүрлі тағдырдан шыққан жас қытайлық пен қазақстандық, олар бірге бизнес бастап, жаңа өмір құрады.

Жоба ШЫҰ аясындағы мәдени-медиа ынтымақтастықтың үлгісі ретінде ұсынылуда.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото