ШЫҰ аясындағы ынтымақтастықтың үш прагматикалық платформасы Тяньцзиньге қоныстанды

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 4 қыркүйек

4 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- 2 қыркүйек күні Тяньцзиньде Қытай-Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының Жасыл индустрия саласындағы ынтымақтастық платформасы, Цифрлық экономика саласындағы ынтымақтастық платформасы және Кәсіптік-техникалық білім беру саласындағы ынтымақтастық орталығы салтанатты түрде ашылып, қаланың халықаралық ынтымақтастығының жаңа тарауын ашты.

1 қыркүйекте Тяньцзиньде 2025 жылғы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммиті шымылдығын жапты. Саммит сегіз ірі жетістікке қол жеткізді, олардың бірі алты прагматикалық ынтымақтастық платформасын құру, соның ішінде Қытай-ШЫҰ энергетика, жасыл индустрия және цифрлық экономика саласындағы ынтымақтастық платформаларын, сондай-ақ ғылыми-техникалық инновациялар, жоғары білім беру және кәсіптік-техникалық білім беру саласындағы үш ірі ынтымақтастық орталығын құру болды, олардың үшеуі Тяньцзиньде ашылды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото