Төңкеріс құрбандарына арналған фильм - Атсыз қаһарман

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 5 қыркүйек

5 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Олардың есімдері қоладан қашалған жоқ, бірақ олардың қаны топырақтың әр түйіріне дейін сіңген.

Қытай жеріне оқ жауғанда, сансыз «есімі белгісіз» көкіректер тас-талқан болған таулар мен өзендерге қалқан болып, түнекке бас имеді.

Олар аттанып бара жатқанда, олардың аяқталмаған хаттары желмен желбіреп тұрды. Хаттың әр жолында анасының аппақ шашы мен ауылдың кіреберісіндегі олар қоштаспаған ескі ағаштар тұрды. Бірақ мылтық даусы қаламдарының ұшын сындырған еді. Олар мылтықтарын кезеніп, уайымдарын оқпен бірге басып, жаудың кеудесіне көздеді.

Олар құлаған кезде аты-жөнін қалдыруға үлгермеді. Құлаған жерлерін шөп басып кетті. Бірақ топырақты жарып шыққан әрбір тұқым өзін еркін өсуге баулыған жылуды ұмытпайды. Таулар мен өзендерді шарлап өткен әрбір жел шапқыншылардың жігерін құм қылған атой мен ұранды ұмытпайды.

Соғыс алаңындағы жаңғырық ішінде 99 жастағы Жапонға қарсы соғыс ардагері Юй Юэшудың қолын ұстап, теміржол партизаны Ли Хунцзенің антын тыңдап, Сегізінші армияның құрал-жарақ зауыты жауынгері Вэнь Юньфудың кеудесіндегі медальдарға көз жүгіртіп, тарихтағы есімі белгісіз қаһармандарға үңіліңіз.

Тайерчжуан шайқасында 30 000 сарбаз елі үшін жанын қиса, олардың тек 4 692-сі ғана есімін қалдырған.

Жүз полк шайқасы бес ай, төрт күнге созылып, 17 мыңнан астам адам қаза тапты. Батырлар қабырғасында 4 860 шейіттің есімі ғана қалды.

Өзен куә, тау куә, оларды қалай есімсіз деуге болады, олардың аты өзен, олардың аты тау.

Қараңыз, бидай алқабындағы алтын толқындар – олар бұрын-соңды көрмеген егін. Қаладағы сансыз үйлердің шамдары олардың аяқталмаған хаттары. Біз жүріп өткен әрбір тегіс жол – олардың сүйегі мен қанынан төселген.

Олар ән салып, қолтықтасып, қол ұстасып, қасық қаны қалғанша жеңіс майданына аттанумен болды, жарыққа қарай беталды.

Шығыстың соғыс алаңындағы әр топырақ, әрбір есімсіз құрбан – Екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңіс картасында өшпес белгі.

Бүгін тау мен өзеннің атынан, күн мен айдың атынан, жер бетінде соққан әрбір желдің атынан есімі белгісіз қаһармандарға құрмет білдіреміз: Есімдерің Қытай халқының жадына әлдеқашан ойып жазылған, мәңгілік жас қалпында тұрады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото