- Барлық ақпарат
Шэньчжэнь — Сянган — Гуанчжоу кластері әлемдегі ең ірі инновациялық кластер болып саналады
Шэньчжэнь
5 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- 1 қыркүйекте Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы Сянганда «2025 жылғы жаһандық инновациялар индексін» жариялады. Индекске сәйкес, Шэньчжэнь — Сянган — Гуанчжоу инновациялық кластері алғаш рет Жапониядағы Токио — Йокогама инновациялық кластерін басып озды. Қазір әлемдегі ең ірі 100 инновациялық кластерде көш бастап тұр.
Сянган
Инновациялық кластерлер трансформациялық идеялардың пайда болуына ықпал ету үшін өнертапқыштарды, ғылыми зерттеушілерді және венчурлық капиталды біріктіретін аймаққа жатады.
Шэньчжэнь — Сянган — Гуанчжоу инновациялық кластері 2020-2024 жылдары аралығында дүниежүзі бойынша екінші орынды иеленіп келді. Биыл алғаш рет үздік 100-дікте көш бастады. Ал, Аомэнь-Чжухай инновациялық кластері өткен жылдан бері топ-100 тізімінде. Бұл үрдіс биыл да жалғасып екі сатыға көтерілді.
Гуанчжоу
people.cn © People's Daily Online