Бейжіңде Қазақстанның алғашқы мәдени орталығы ашылды

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 5 қыркүйек

Бейжіңде Қазақстан Республикасының алғашқы мәдени орталығы ашылды. Бұл – әзірге шетелдегі жалғыз қазақстандық орталық, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Мемлекет басшысы Қытайдағы Қазақстан мәдениет орталығының ашылу рәсіміне қатысты.

Жобаның жүзеге асуы екі ел арасындағы мәдени алмасудың маңызды кезеңіне айналып, қазақстандық мәдениетті халықаралық аренада танытуға елеулі үлес қосады. Сондай-ақ бұл бастама Қазақстан мен Қытай арасындағы мәдени байланыстар мен стратегиялық әріптестіктің нығаюуына сеп болады.

Орталық Бейжіңнің беделді аумағында, Қытайдың халықаралық жастар алмасу орталығының бір бөлігі саналатын «21 ғасыр» бизнес-орталығында орналасқан. Орталықтың аумағы – 620 шаршы метр. Қазақстан мәдени орталығы Қытай аудиториясына қазақтың дәстүрін, өнерн, тілі мен тарихын және ұлттық тағамдарын таныстыратын іс-шаралар өтетін алаңға айналады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото