Жылдың жайлы мезгілі : Байлу (Шық түсер)

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 7 қыркүйек

7 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Бүгін Қытай дәстүрлі күнтізбесі бойынша, күз маусымындағы үшінші амал – Байлу (Шық түсер). Менімен бірге Цзянсу өлкесінің Сучжоу қаласына барып, күздің өзгеше пейзажын сезініңіз.

Байлу кезінде ыстық қайтып, ауа райы салқындайды. Күн мен түннің температура айырмашылығы артып, ауадағы дымқыл салқынға жолыққанда шыққа айналады, сондықтан «Шық түсер»деп аталады.

Бұрынғылар Байлу кезіндегі он бес күнді үш кезеңге бөлген: «Бірінші бес күнде қоңыр қаздар қайтады; екінші бес күнде – ұсақ жыл құстары қайтады; үшінші бес күнде – өзге құстар азық жинап, қыс қамына кіріседі. Жыл құстары температураның өзгеруіне өте сезімтал. Бұрынғылар Шық түсер кірген кезде қоңыр қаздар, қарлығаштар және т.б. қыста жылы мекен іздеп, оңтүстікке қарай ұшатынын, ал өзге құстар қыс қамы үшін азық-түлік сақтайтынын байқаған.

Байлудың алды-артында Солтүстік жарты шарда жыл құстарының көшетін мезгілі кіреді. «Шығыс Азия-Австралия» көш жолындағы халықаралық маңызы бар сулы-батпақты алқап ретінде Сучжоу Тайху көлінің аймағы нағыз «жыл құстарының жер ұйығы». Құстар оңтүстікке бірнеше негізгі көш жолы арқылы бүкіл құрлықты аттап өтіп, жылы мекенге жетеді. Қытай сулы-батпақты жерлерді қорғау туралы заңды енгізді, 82 халықаралық маңызы бар сулы-батпақты жерлерді қорғау мен басқаруды күшейтті, сондай-ақ жыл құстары мекендейтін жерлерді қорғады, бұл жаһандық биоәртүрлілікті сақтауға ықпал етті.

Байлу кезіндегі әдет-ғұрыптардың көпшілігі «құрғаудан сақтанумен» байланысты, бұл әдет егіншілік қоғамынан шыққан. Ежелгі адамдар Байлудан кейін ауа райы суып, «күзгі құрғау» болады деп сенген, сондықтан денені ылғалдандыру үшін лонган, саңырауқұлақ және басқа да тағамдық қоспаларды қолданған. Адам мен табиғат арасындағы үйлесімділікті көрсететін бұл дәстүр бүгінге дейін жалғасып келеді.Цзянсу мен Чжэцзянда Байлу кезінде шарап ашыту және қонақ шақыру дәстүрі бар. Бұл шарап жылы және сәл тәтті болады, оны «Байлу күріш шарабы» деп атайды.

«Енді бастап шық түседі жатарда,

Туған жердің айы жарық қашанда».

Қадамыңыз тоқтамасын, жаңа бейнемен күзді қарсы алыңыз, қуанышқа кенеліңіз!

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото