Қазақстанда жаңа министрлік құрылатын болды

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 8 қыркүйек

ҚР Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстанда жаңа министрлік құрылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жаңа министрлік Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі болып табылады.

«Мен алдымызға өте маңызды стратегиялық мақсат қойдым. Қазақстан үш жыл ішінде міндетті түрде жаппай цифрлық ел болуы керек. Қазіргі құзырлы министрлік негізінде Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігін құру қажет деп санаймын. Жаңа министрлікті Премьер-министрдің орынбасары деңгейіндегі маман басқаруы керек», - деді ҚР Президенті Тоқаев.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото