- Барлық ақпарат
Қытай үкіметінен зілзаладан зардап шеккен Ауғанстан халқына көмек барды
(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 9 қыркүйек
9 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- 7 қыркүйекте Қытай үкіметінің жер сілкінісінен зардап шеккен Ауғанстан жұртына арналған гуманитарлық көмегінің алғашқы легі Кабул қаласына кірді.
Жіберілген жүктің ішінде шатырлар, жылы көрпелер, басқа да апат кезінде қажет болатын негізгі жабдықтар бар. Бұл заттарды Кабулға Қытайдың әскери-әуе күштерінің-20 екі ұшағы жеткізді. Гуманитарлық көмектің қалған бөлігі жуырда Ауғанстан астанасына жеткізіліп, көмекке мұқтаж жандарға таратылады.
(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online