- Барлық ақпарат
Қ.Тоқаев:Каспий теңізі – бір елдің ғана емес, бүкіл аймақтың тағдырына қатысы бар мәселе
Қазақстан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында Каспий теңізі туралы мәселелерге тоқталды. Толық мазмұны төмендегідей.
Қазақстан Мемлекет басшысы жолдауында «Каспий теңізінің тартылып бара жатқаны жұртты алаңдатып отыр. Тиісті шара қолданбасақ, бұл аса үлкен экологиялық апатқа айналуы мүмкін. Сол себепті мен жақында Қытайда өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымының кеңейтілген отырысында осы маңызды мәселеге арнайы тоқталдым, Ұйым аясында Су мәселелері жөніндегі орталық құру туралы ұсыныс айттым»-, деп Каспий теңізі туралы өзінің алаңдаушылқтарын айтты.
«Каспий теңізі – бір елдің ғана емес, бүкіл аймақтың тағдырына қатысы бар мәселе. Сондықтан жұмылып әрекет ету қажет»-, делінген жолдауда.
Қ.Тоқаев «ҚР Үкіметі Каспийдің су ресурстарын сақтау туралы мемлекетаралық бағдарлама әзірлеуді қолға алуы керек. Оны серіктес мемлекеттермен келісу қажет»-, деп тапсырма берді.
Ол «Бүгін біз су мәселесі бойынша дұрыс және орынды шешім табатын болсақ, ертең соның игілігін кейінгі ұрпақ көретін болады. Балаларымыз бен немерелеріміздің тағдыры біздің әрекетімізге тікелей байланысты болмақ»-, деп сөзін түйіндеді.
people.cn © People's Daily Online