Қытайдағы ең алғашқы гроттоларда Жібек жолының қандай тарихы жасырылған?

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 9 қыркүйек

9 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Ақсу облысы Шыңжаңдағы Тяньшань тауының оңтүстік етегінде, Такламакан шөлінің солтүстік шетінде орналасқан. Батысында Қырғызстанмен, Қазақстанмен шектеседі. Шекараның ұзындығы 263,8 шақырымды құрайды. Ежелгі уақытта Куча деген атпен белгілі Шыңжаңның Ақсу облысындағы Күшар қаласы Жібек жолының солтүстік жолының бойындағы өткелде орналасқан. Бұл ежелгі Қытай, Парсы, Үндістан, Греция мен Римнің бірнеше ірі өркениеттерінің тоғысқан жері. Тан Әулетінің монахы Сюаньцзан батысқа сапар шеккенде, осы жерде будда тәпсірлерін таратқан.

Күшардан батысқа қарай 70 шақырымдай жерде орналасқан Қызыл грототалар - Қытайда ең ерте қазылған және ең батысқа орналасқан Буддалық грототалар болып табылады. Қабырға суреттерде Куча ән-биі және керуендер бейнеленген, көптүрлі өркениеттік куасі.

Субаш Будда ғибадатханасының қирандылары шығыс және батыс болып екі ғибадатханаға бөлінген, арасынан Күшар өзені ағып, екі ғибадатхана екі жағада бір-біріне қарап тұр. Сюаньцзан мұнда 60 күннен астам уақыт бойы тәпсір оқыды, сонымен қатар бұл жер «Батысқа сапардағы» «Қыздар елі» хикаясының шыққан жері болып табылады.

2014 жылы Қытай, Қазақстан және Қырғызстан бірлесіп жариялаған «Жібек Жолы: Чанъан—Тяньшань дәлізінің жол желісі» Дүниежүзілік мәдени мұралар тізіміне сәтті енгізілді. Солардың бірі Субаш ғибадатханасының қирандылары.

Куча ән-биі жергілікті мәдениеттің таңғажайып визит картасы, оның ішіндегі ең беделдісі – «Су Мучжи» музыкасы мен биі. Куча ән-биінің қол ишараты мен айналу техникасы ерекше, ежелгі Жібек жолы бойындағы елдердің би элементтерін шебер бейнелеген, Орта Азия музыкасына үндесіп жатыр. Хабарларға қарағанда, әр қойылымның соңында Орталық Азия елдерінің көрермендері бірге биге шығады.

«Су Мучжи» ән-биі Куча мәдениетінен шыққан, кунхоу мен басқа да музыкалық аспаптарды гротто суреттерінен көруге болады. Бүгінгі таңда жергілікті байланысты қойылымдар Куча өнерін жаңғыртып, әлемнің түкпір-түкпірінен туристерді тартты.

Соңғы жылдары Ақсу облысы мәдени туризм фестивальдері, академиялық конференциялар және т.б. арқылы Куча мәдениетіне мұрагер болуға және халықаралық алмасуларға ықпал етіп, Жібек жолы мәдениетінің халықаралық ықпалын кеңейте түсті.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото