Елімізде жасанды интеллект компанияларының саны 5000-нан асты

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 9 қыркүйек

9 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Соңғы жылдары Қытайдың жасанды интеллект индустриясы қарқынды даму кезеңін бастады. Қазіргі уақытта жасанды интеллект компанияларының саны 5000-нан асты. Инновациялар мен жасанды интеллектіні қолданудың 11 ұлттық пилоттық аймағы және инновациялардың өміршеңдігі мен нарықтық әлеуетін көрсететін 17 ұлттық деңгейдегі интеллектуалды қосылған көлік құралдарын сынау аймағы салынды.

Бұл - журналистің Чунцинде өткен 2025 жылғы Дүниежүзілік зияткерлік өнеркәсіп көрмесінен алған ақпараты.

Сонымен бірге Қытай жалпы көлемі 60 миллиард юань болатын жасанды интеллект индустриясының ұлттық инвестициялық қорын құрды, жасанды интеллект ғылымы мен технологиясындағы этикалық қызметтерді басқару бойынша шараларды құрастырды, Қытай-БРИКС елдері жасанды интеллектіні дамыту және ынтымақтастық орталығын құрды. Өнеркәсіптік экологияны үздіксіз жақсартуға жәрдемдесу үшін жасанды интеллектінің негізгі технологиялары саласындағы 240-тан астам стандартты әзірледі.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото